Ғылыми-практикалық конференциясының материалдары




НазваниеҒылыми-практикалық конференциясының материалдары
страница23/54
Дата конвертации01.10.2012
Размер8.04 Mb.
ТипДокументы
1   ...   19   20   21   22   23   24   25   26   ...   54

ХОР ҰЖЫМЫНДАҒЫ ОҚУ-ТӘРБИЕ ЖҰМЫСЫ



Құрсабаев А.Қ.,

І.Жансүгіров атындағы Жетісу мемлекеттік университеті,

Қыдырбайұлы Қ.Қ.

өнертанушы, Талдықорған, (Қазақстан Республикасы)


Хормен ән салу – музыка өнерінің маңызды бір саласы. Ол басқа да өнер тәрізді адамның жан толқынысын, көңіл-күйін, эмоциональді-психологиялық қалыпының (кейпінің) сан қилы нақыш-қырларын жеткізе отырып, хор әншілерінің музыкалық-эстетикалық мәдениетін қалыптастыру тәлім-тәрбиелік қызмет атқарады.

Хормен ән салудың ұжымдық табиғатын атап көрсете отырып, біздер оның тәлім-тәрбиелік ықпал етуші факторларын есте ұстағанымыз жөн. К.Д.Ушинскийдің сөзімен айтар болсақ: «Хормен ән салу кереметтей пәрменді педагогикалық құрал. Әнде, әсіресе хормен әндетуде адамды жандандыратын, көңіл ашатын ғана емес, әншілерді жылы-шырайлы татулыққа, ынтымақты іске жұмылдыратын жұмыла еңбекке бастайтын қасиет бар [1, 32].

Музыкалық педагогика саласында О.А.Апраксина, Ю.Б.Алиев, А.Б.Пономарев, Б.Рагина, Г.Струве, В.Соколов, Т.Овчинникова, Д.Огороднов және белгілі педагог-әншілер, хормейстрлер хор әншілерін әнді әдемі сала білу, олардың музыкалық және вокальді есту қабілетін, эстетикалық, көркемдік талғамын дамыту бойынша құнды пікірлер айтқан.

Осы жөнінде Н.Л.Грозденская: «Ән салуға үйрете отырып, біздер тек әнді орындау сапасына ғана емес, әншілердің талғампаздығына ықпал ететін әнді орындау сапасына да көңіл бөлеміз»,- деп атап көрсеткен болатын. [2, 101].

Бұл өз кезегінде хормен қиын ән салудың аса күрделі педагогикалық ырыс екендігіне көз жеткізеді.

Хор ұжымының мақсат-міндеттерін, құрылу принциптерін, хормен жұмыстың оқу-тәрбие процесі ретіндегі заңдылықтарын, музыкалық шығармаларды үйрету, орындау ерекшеліктерін зерделеу – студенттерді хор ұжымында тәрбиелеудің келесі кезеңдерін анықтауға мүмкіндік береді:

  • Студенттерге хормен орындалатын шығармалар, хормен ән салу техникасы жөніндегі теориялық, практикалық білім, біліктерді меңгерту;

  • Хор шығармаларын тыңдау нәтижесіндегі әсерленгіштік;

  • Хор шығармаларына эстетикалық баға бере білушілік;

  • Хормен қосылып ән салу дағдыларын меңгерту;

  • Студенттердің хормен ән салуға, хорға жетекшілік етуге, хор өнерін зерттеуге деген қызығушылығын, қажеттігін тудыру;

Хормен ән салу техникасының жетілуі - әр студенттің әншілік мәдениетіне, сондай-ақ хор ұжымының барлық мүшелерінің вокальді-хор дағдыларының қажетті деңгейде дамуымен анықталады. Хормен ән салу техникасының ерекшеліктерін түсіну, оның мазмұнында нақтылы бір ішкі байланыстағы сатылы немесе бір мезгілде жүзеге асырылатын көп аспектілі вокальді-хор дағдыларын қалыптастыру және тәлім-тәрбиелік жұмыстардың жүзеге асырылып отырғандығын байқатады.

Сондықтан, музыкалық шығарманы орындауға даярлық жұмыстары арнайы белгіленген жоспар арқылы жүзеге асырылғанда ғана жағымды нәтижеге қол жеткізіледі. Аталған жоспарлауда мына жұмыстар ескерілгені жөн:

  • хор шығармасын алғашқы тыңдау;

  • хор шығармасының музыкалық-поэтикалық мазмұны, орындалу ерекшелігі жайлы әңгімелесу және үйрету;

  • хор шығармасын мәнерлі орындау;

Бұның бәрі өз кезегінде музыка педагогикасына сәйкес келетін жалпы және арнайы дидактикалық принциптерге жүгінуді талап етеді. Атап өтсек: оқытудың тәрбиешілігі, ғылымилығы, саналығы, өмірмен байланыстылығы деп тұжырымдаймыз. [3, 4, 5]

Хор материалдарын, яғни, музыкалық шығармаларын меңгертудің ғылымилығы студенттерге музыка педагогикасында қалыптасқан ұғымдарды үйретуді талап етеді. Вокальді хор шеберлігі саласында әншілік білімдер физиология, психология тұрғысында миоэластика, нейромоторика теориялары негізінде дамығандығы белгілі. Осы бағытта студенттерді дауыс аппаратының құрылысы, әншінің тыныс алуы, әншіліктің техникалық дағдыларын меңгеруі, хормен қосылып айтудың мәнерлігі (интонация, ансамбль, т.б.) жөніндегі ғылым жетістіктері туралы мағлұматтармен қаруландырудың маңызы зор.

Музыка педагогикасы саласындағы вокальді хор ғылыми білімдерді терең меңгерту ісі нақты құбылыстар мен заттарды талдау (анализ) және насихаттау (синтез) арқылы болатын ғылыми ұғымдар мен ғылыми заңдылықтарды меңгерту нәтиже ісінде жүзеге асырылады. Жұмыс барысында студенттерге мүмкіндігінше хормен ән салу заңдарын үйрену, осы заңдарды қамтитын музыкалық іс-әрекеттердің сипатын аша түсу керек.

Хормен ән салудың ғылыми принципіне байланысты студенттердің байқау, эксперимент, іздену жұмыстарын жүргізудің, ғылыми еңбектерді пайдалану жолдарын үйретудің және біртіндеп жеке ғылымдардың зерттеу әдістерін меңгертудің де жолдарын қарастырудың мәні зор.

Әнші дауысы мен дыбыстар қалыптастыру жөніндегі бүгінгі ғылымда қалыптасқан ғылыми мағлұматтар хормен ән салуға үйретуде педагогикалық принциптерге сүйенуге қолайлы жағдай жасай алады. Осы мақсатта студенттер әрбір вокальдік (әнші регистрі, тыныс алу техникасы т.б.) хормен ән салу (интонация, ансамбль т.б) құбылыстарының мәнін және практика жүзінде іске асырылу процесі туралы хабардар болуы қажет. Сондықтан, хормен ән салудың ғылымилығы музыка саласындағы ғылыми білімдер негізінде студенттердің ғылыми көзқарасын, олардың ғылыми ойлау қабілеттерін дамытудың басты шарты болып саналады.

Хормен ән салуға үйретуде сапалылық принципі студенттердің музыкалық шығарманың мазмұндық және көркемдік образын, көркемдігін, сонымен бірге музыкалық дыбыстардың сапасы – түрлі сападағы музыкалық дыбыстардың түзілуінің себеп-салдарын ұғынумен анықталады. Хор әншілері сапасы төмен, тембрі жағынан жағымсыз дыбыстардың себебін және оларды болдырмау амалдарын білгендері дұрыс. Осыған байланысты әнді орындау процесіндегі құбылыстар (сандар) мен дыбыстарды түзу технологиясы (себеп) арасындағы себеп-салдарлық байланыстарды ашып, мәнін түсіну, талдау, сараптау, студенттердің хор шығармаларын саналы түрде үйрену, орындау шеберлігінің маңызды шарты екендігін айғақтайды.

Ал, музыкалық материалға байланысты саналалық принципі студенттердің ән мәтінін құрғақ түрде жаттамай, оның шын мәнінде түсінуін, жауапкершілікпен қарауын талап етеді. Жаңа шығармалармен таныстыру процесінде студенттердің танымдық деңгейлерін арттыруға бағытталған терминдермен, жаңа вокальді-хор дағдыларымен таныстырудың да орны ерекше.

Жаңа білімдерді меңгергеннен кейін оны студенттердің қабылдау дәрежесіне, жаңа материалдың бұрынғымен байланысын, алған білімдерді жаңа ситуацияларда, практикалық іс-әрекеттерде қалай пайдалану іскерліктерін назарда ұстау қажет. Белсенді түрде ойлау жұмыстары процесінде студенттерде ассоциациялар қалыптасады, яғни талдаушылық (анализ) синтетикалық әрекеттер іздерінің тізбегі құрылады. Олар К.Д.Ушинский атап көрсеткендей аралас, ұқсас, бір-біріне қарама-қарсы, уақытша, жүрек сезіміне байланысты, ақыл-парасатқа байланысты ассоциациялар болып табылады.

Вокальді-хор білімдерінің шамаға лайықтылығына ғылымилық принциптерге сүйенер себебі – дыбыстарды қалыптастырудың және қалыптастыруға қалай ықпал етуге болатындықтың, студенттердің музыкалық, вокальді-техникалық, көркемдік дамуының заңдылықтарын білмейінше, студенттердің шамасына лайықтылығы есепке алынуы мүмкін емес.

Сондықтан, студенттердің шамасына лайықтыны дәл, дұрыс анықтай білу міндетті түрде психология, педагогика және физиология ғылымдарының жетістіктеріне объективті нәтижелері анықталуы тиіс. Шамаға лайықтылық принцип вокал-хор педагогикасының бірізділік пен сабақтастық принципі хор мүшелерінің әншілік дағдыларының қалыптасуы, оқу материалдарын (жаттығулар, көркемдік шығармалар материалдары т.б.) меңгерту барысында қарапайымнан күрделіге, жеңілден қиынға сияқты принциптердің жүзеге асуын қамтамасыз етуге ықпалын тигізеді. Осылайша вокальдік-техникалық көркемдік дағдыларын бірте-бірте күрделендіре түсу – дағдыларды тиімділікпен жоғарлатуға, жетілдіруге мүмкіндіктер туғызады. Хормен жұмыс әрине ұжымдық сипатта болады. Алайда, әр студенттің типологиялық-психологиялық ерекшеліктері, мінезі мен темпераменті арқылы пайда болатын музыкалық қабілетін анықтау, олармен жеке жұмыстар мен әдістерді қолдануды талап етеді.

Сонымен бірге, әр студенттің дыбыс аппаратының өзіндік ерекшеліктері де болуы мүмкін. Ондай жағдайда, өзіндік дыбыс қалыптастыру, дыбыс тембрі сияқты арнайы сабақ өткізу шарт.

Вокальді-хор педагогикасында білім берудің практикалық іс-әрекеттердің көркемдік және техникалық бірлігі және принципі жетекші рөл атқарады. Хормен ән салу процесінде түрлі әншілік міндеттерді орындауға, түрлі мәнерлі ән салуға байланысты дыбыс аппараты органдары, ерекше жағдайларға икемделіп, бейімделіп өзінің функцияларын өзгертіп отыратындығы белгілі. Яғни дыбыс қалыптастыру органдарының арасында түрлі байланыстар жүзеге асырылып, динамикалық стереотиптер жасалады.

Осы ретте әншінің дыбыс шығарушы мүшелерінің (тіл, көмекей, дыбыс желбезектері) біздің санамыздан тыс әрекеттерін ескерту керек. Дыбыс аппараты органдарының ән салуға байланысты есту органдарының қызметі арқылы қозғалыс орталықтарына адамның дыбыс жөніндегі қалыптасқан ұғым-түсініктері арқылы басқарылады. Ал бұл ұғым түсініктері дыбыс аппараты органдарының жұмысына, оның функцияларының реттелуіне айтарлықтай ықпал ететін әуеннің сипаты мен оның эмоциональдік мазмұнымен, музыкалық-мәндік мәнерімен анықталады.

Өз кезегінде әнші-орындаушының (көркемдік сапасы, дыбыс органдары) әуезінің мәнерлі болуы, дыбыстардың көркемдік сапасы – дыбыс қалыптастыру технологиясына, вокальдік-техникалық, атап айтқанда артикуляциялық аппараттың, резонаторлардың тыныс алу дағдыларының қалыптасу дәрежесіне байланысты болып келеді. Сөйтіп, түрлі қалыптағы музыкалық шығарманың эмоциональдік мазмұнын жеткізу – жоғарғы және төменгі резонаторлардың, әнші тынысының регистрлер күйінің сапасына тікелей қатысты екендігіне ән салудағы көркемдік пен техникалық дағдылардың біртұтас екендігіне көз жеткіземіз.

Хормен ән салу әншілерді шығарманы студенттерді бұл процеске жұмылдыратын музыкалық туындыларды орындаудың өте-мөте шамаға лайықты, демократиялық формасы ретінде студент жастардың жалпы музыкалық мәдениетін жоғарлатудың, көркемдік талғампаздығын дамытудың ең қуатты құралы ретінде қарастырылуында. Сондықтан, осындай кең ауқымды жұмыс белгілі кезеңдер арқылы жүзеге асырылғанда ғана көздеген нәтижелерге қол жеткізіледі. Ол кезеңдер – хормен орындалатын шығарманы алғашқы таныстыру, үйрету және мәнерлі орындау болып табылады.

Алғашқы таныстыру аса жауапты кезең болғандықтан жан-жақты даярлықты талап етеді. Бұл жердегі басты мақсат – студенттердің шығарманы эмоциональді түрде қабылдауын қамтамысыз ету. Бұл кезеңде әнді дыбыс құралдары көмегімен немесе әншілердің орындалуында тыңдату, шығарманың авторлары, шығу тарихы, музыкалық-поэтикалық мазмұны, музыкалық тілі, әуен қозғалысындағы ерекшеліктер әңгімеленіп, пікірлер алмастырылады. Келесі кезеңде хорға арналған шығарманы үйрету, мәнерлі орындауға әншілік дағдыларды қалыптастыру, дұрыс интонациялау, қосылып ансамбльде орындай білу жұмыстары бір-бірімен тығыз байланыста, үнемі сабақтастықта, үйлесімділікте жүргізідіп отырады.

Хормен ән салу жұмысының келесі бір маңызды бағыты – репертуар таңдау. Мұның маңызды болатын себебі – түрлі хор шығармаларын үйреніп орындау процесінде студент жастардың биік көркемдік талғампаздығын, идеалы мен сенімі, дүниетанымы, ізгілікті көзқарастары, азаматтық сапа қасиеттері қалыптасатындығында. Сондықтан хор репертуарына көркемдік-идеялық және интонациялық көркемдігі бай шығармалар іріктелінеді.

Студенттер хорының репертуарына халық әндері, халық композиторларының әндері, батыс және ТМД елдеріндегі классикалық шығармалар енгізіледі. Егемендікке ие болған тәуелсіз Қазақстанның жоғарғы оқу орындарындағы студенттердің шығармашылық бірлестіктері репертуарларындағы соңғы жылдары қазақ халқының әндерімен толықтырылды. Халық әндері жөніндегі « әндер ата-баба өмір тіршілігі жайлы мағлұматтар беріп, қоғамның түрлі тарихи кезеңдеріндегі ой-қиялы, сана-сезімі, қарым-қатынасы, аса маңызды оқиғалар жайлы сыр шертеді» демекші, студент жастардың құнды адамгершілік қасиеттері мен ұлттық сана-сезімдері қалыптасады [6, 14].

Хор репертуарында «нағыз терең ойлы, ғасырлар тезінен өткен, адамның жан дүниесін байытатын музыкалық шығармаларға» ғылыми тұрғыдан баға бере білу мүмкіндігін қалыптастыратын мәңгілік өмірмен Бахтың, Моцарттың, Бетховеннің, Чайковскийдің ұлы туындыларында қарастырылуы тиіс.

Хор ұжымында студенттермен жүргізілетін оқу-тәрбие жұмыстарының ерекшеліктерін талдау, хормен ән салудың аса күрделі сан қилы шығармашылық әрекет екендігін, оның тәлім-тәрбиелік мүмкіндігі мол құрал бола алатындығын көрсетеді.

Әдебиеттер

1. Ушинский К.Д. Родное слово. Собр.соч. Т.2. М., 1978. 439 с.

2. Троузенская А. И петь и слушать (муз. обучение в общеобр. школе) / «Советская педагогика», М., 1966, № 4. С.101-103.

3. Педагогика. Новый курс. М., Владос, 1999. 576 с.

4. Педагогика / Под ред. Б.И.Пидкасистого. М., 1998. 640 с.

5. Хлабузов Б., Попов В,, Добровольская Н. Методика музыкального воспитания. М., Музыка, 1989. 175 с.

6. Кульманова Ш.Б. Теория и практика воспитания младших школьников средствами казахской народной музыки. А., Ғылым, 1999. 361 с.


УДК 372.578+398.8

ХАЛЫҚТЫҚ музыкалық ҚҰРАЛДАР АРҚЫЛЫ

ТАБИҒАТТЫ ҚорҒауҒА тәрбиеЛЕУДІҢ ТЕОРИЯЛЫҚ НЕГІЗДЕРІ


М. Әбикеева

Абай атындағы гуманитарлық колледж, Тараз қаласы


Халқымыз кең даланы еркін жайлап, өзінше еркін ойлап қалыптасқан ұлы дала перзенті. Ғасырлар бойы қалыптасқан өзіне тән этикалақ-эстетикалық мәдениеті хатқа түсіп таңбаланбағанымен ұрпақтан-ұрпаққа беріліп, қанына, нәсіліне тарап, сіңген моральдық-адамгершілік әдебі, заңдары болды. Халықтың өнер мұрасы да міне осы моральдық кодекстер ықпалында, туған табиғатының аясында қуат алып, ұлттық өзіндік тұлғасымен қалыптасты. Сондыктан болар, халқымыздың дәстүрлі ән-күй, жыр өнерінен қазақ табиғатының исі аңқып тұрады. Халықтық өнер мұрамыздың осындай қырын қазақ музыкасын зерттеушілері кеңінен тани білді. Қазақстандық музыка зерттеуші, профессор П.В.Аравин қазақ ән-күйлері туралы жазған еңбегінде: «Қазақ халқының барлық өмірі сан ғасырлар бойы дала табиғатының қойнауында өткендіктен, ол өзін қоршаған табиғаттың әсемдік сырларын мейлінше түсініп, оны өзінің музыкалық шығармаларында қалтқысыз бейнелеуді шебер меңгерген» деп жазды [1].

Ұлы ағартушылар Ш.Уәлиханов, А.Құнанбаев, Ы.Алтынсарин, А.Байтұрсынов, М.Жұмабаев, Ж.Аймауытов т.б. ұлтымыздың мәдениеті мен әдебиетін, оның ішінде халықтың ән-күйлерін жетік білген, өздерінің музыкалық дарындарымен ерекшеленген, ән және оған сөз жазуда өз сезімдерін шебер жеткізе білген талант иелері болған.

1. Ұлы Шоқан ғылым кеңістігінде әр қырынан жарқыраған тұлға. Сол қырының бірі - музыка. Шоқанның бітім-болмысы тұнып тұрған - музыка! Оның тебіреністі лебі сахараның жібек желіндей өзінің бүкіл шығармасында желпиді де отырады. Сондықтан оның «Қазақ халқының әдебиет өнері туралы» мақаласында: «Түрік тұқымдас халықтардың ішінде ақындық өнері жағынан бірінші орынды алатын халық - сірә, қазақ халқы болар» [2] деуіне, яғни халқымыздың әні мен күйінің, өлеңі мен жырының өте биік деңгейде дамығанын танып білуіне, кемеңгерлік ой айтуына толық негіз бар еді. Өз халқының өнеріне терең бойлаған жан ғана бүкіл әлемдік өнер қазынасына еркін өріс жайып, жол таба алады. Ол мүмкіндік Шоқанда мол болды. Шоқан өз халқының ән-күйінің сырын терең түсінді. Бұл түсінік оның әсершіл, сезімтал, сыршыл жүрегіне бала кезінен орнықканды. Ұлы ғалымның әжесі Айғаным халықтың өте ескі әндерін білді. Ол әндер халық өмірінің әр кезеңін елестетіп, замана лебін жеткізіп, не болмаса табиғат сұлулығын жырлап, ертедегі ел корғаған батырларды ардақтап, арманда кеткен ғашықтар қайғысын шертіп, елдің бір шаттанған шағы той-думанның, не қиян-кескі жойқын күрес, азалы соғыс суретін алға тартатын еді. Халық фольклорының бай үлгісін мол игерген Айғаным шерткен күй, жыр, ән, аңыз-әңгіме, ертегі тарихы Шоқан үшін ұшан-теңіз, көл-көсір әсер боп, ол оған сарқылмас шабыт қуатын бергені анық. Ол әсерге бөленіп, шабыттанған шақта Құсмұрын мен Сырымбеттің, Баянауылдың тіл байлар сұлу көрінісін сурет етіп кағазға түсірді, бұл оның өзін қоршаған табиғат әуеніне ден қойып елтуі, оны сол көркем қалпында көре білу еді. Әжесінің әңгімесі оған туған халқының тілін, сөз байлығын, ой тереңдігін сездірді. Айғанымның үйі қазақтың ақын-жыраулары мен әнші, күйшілерінің думанды ордасына айналды. Онда қобызбен жыр толғаған Жанақ пен Шөже, Арыстанбай мен Орынбай, Біржан сал мен Тоғжан, Шәрке сал, Тулақ, Қанғожа қобызшылар, Нүркей әнші, бәрі жиі бас қосып, айтыс ұйымдастырып, күй тартысып, көне ән-жыр, күй мен эпостық туындылардың тарихы қозғалған. Уыздай жас ұлан ел жүрегінде сақталған «Ел айырылған», «Алабайрақ», «Қорқыт», «Аққу», «Айрауықтың ащы күйі», «Ақсақ құлан» күйінің жан тебірентерлік оқиғасын алғаш рет өз үйінде әжесі Айғанымның алдында күй шерткен өнерпаздардан естіді.

Шоқан өзінің алғашқы ғылыми еңбектерінің бірі - «Қазақтың халык поэзиясының формалары» атты зерттеуінде: «Жыр дегеніміз - рапсо­дия... Дала жырының бәрі қобыздың сүйемелімен терме түрінде айтылған. Жыр формасы, сондай-ақ қобызбен жырлау атақты жыршы-импровизатор Жанақ өлгеннен кейін мүлде үлгіден шықты деп кесіп айтуға болады... Домбыра және жаңа әндер жыр мен қобызды қазір ығыстырып тастады», - деп жазды [2]. Сөйтіп, ол осы еңбегінде домбырамен сүйемелдеп ән салған әншілердің шыққанын, кобыз бен домбыраның жасалу табиғатын, айырмашылығын, қалай ойналатынын тәптіштеп келтіріп, енді сахарада пайда бола бастаған поэзия формаларына тоқталады.

Шоқанның музыкаға байланысты зерттеу еңбектері саяхат-сапарларынан, қатысқан ғылыми экспедициялар күнделігінде керемет көрініс тапты.

Музыкалық фольклордың тамаша үлгілері оның «Тәңірі», «Қазақтың ата-тегі», «Оңтүстік Сібір тайпаларының тарихынан», «Жоңғария очерктері», «Қытай империясының Батыс өлкесі» деп аталатын аса құнды тарихи еңбектерінде тереңнен толғайтын білімпаздықпен жазылды. Шоқанның әр еңбегінде музыканың алуан сыры шертіледі, ол ғылым үшін баға жеткісіз дерек. Мысалы, оның «Оңтүстік Сібір тайпаларының тарихы» атты еңбегінде көшпелі ел жөнінде Европаны жайлаған теріс түсінікке тұңғыш рет ғылым тілімен соққы берді. Европалықтар жабайы дейтін елдердің жазуы, әдебиеті барын дәлелдеп, түрік халықтардың импровизаторлық талантын европалық ғалымдардың өздері сан рет таңқалған араб бәдәуилерінің өнерімен салыстырады. Көшпелі ел өмірінде әр жерде ауыздан ауызға тараған жырлардың бір қолдан шыққандай таза сақталуын үлкен мақтаныш сезіммен көрсетеді. Сондай-ақ Шоқан «Жонғария очерктерінде»: «1859-жылдың аяғында Қоқан керуеніне ілесіп, қоқан саудагері ретінде Қашқарияға келдім...» деп жазды. Мұнда да Шоқанды қашқарлык музыканттар, бишілер арасында көруге болады. Ал «Қытай империясының Батыс өлкесі» деген аса маңызды еңбегі Шығыстану ғылымына қосылған жарқын беттер еді. Шоқан мұнда да музыка әлеміне енеді, Шығыс Түркістанды мекендеген халықтардың музыкалық галереясын алға жайды.

Шоқанды қазақ даласы, қазақ музыкасы тербеді. Ол туған халқының ән-күйін, жырын өле-өлгенше қастерлеп, жинаумен болды. Петербургтен елге келген соң да ол Біржан сал, Ақан сері, інісі Қозыке сияқты әншілердің шығармашылығынан дамудың жаңа нышанын сезді. 1862-жылдың 2 қаңтары күні Сырымбетте, елде жатып профессор Бекетовке жолдаған хатында Шоқан: «Менің тірлігім табысты өтіп жатыр. Мен өте көп ертегі, эпикалық жырлар мен әндерді жинадым...» деп жазады [2].

Шоқанға музыка ана сүтімен дарыған, ол аз халқының таңғажайып әуезін ақ бесікте тыңдаған, өзін қоршаған ұлы тіршілікке саналы көзбен қарай бастағанда-ақ оған өзі туған Құсмұрын төңірегі, ата-қонысы Сырымбет, сұлу Көкше... нағашы жұрты отырған жер науаны Баянауыл... бәр-бәрі әндетіп жатқандай еді.

Шоқан бойындағы дарындылық оның өз негізі, өз ата-тегінде, өз от басындағы бар құбылыс. Оның өз әулеті жатқан бір музыкалы галерея. Ал ең құдіретті әсер Шоқанды қазақтың халық поэзиясы, халық музыкасы аялағандығы.

2. Хакім Абай композитор болғаны анық. Ол көптеген ән шығарып, оларға өзі сөзін жазған Абайдың қай өлеңін, оның әнін алмайық, қайсысында болмасын ерекше бір үйлесімдер, гармония жаныңды тербеп, сезім қылын шертеді [3]. Мысалы, ақынның «Желсіз түнде жарық ай» өлеңі мен әнін алайықшы. Айлы түнгі ауылдың ғажайып суреті қандай! Суда дірілдеген ай сәулесі, күрілдеген өзен, сыбырласқан жапырақ ... Ғашықтар сезімі табиғаттың осы бір кұбылысымен қауыша алынбай ма? Жаны таза пәк жүрек, қос ғашық, күрілдеген өзен, сыбырласқан жапырақтың өзінен дір етіп елең қағып, бос шошып, қала берсе өз жүректерінің дүрсілінен елегізіп, ерекше бір күйге түскендей сұлу табиғатқа қоса сол табиғаттың өзіндей сұлу да әдемі сезімдер, ғашықтар көңіл-күйі терең психологизммен беріліп тұрған жоқ па? Махаббат сұлулығы, ғашықтар сезімінің таза, мөлдір сұлулығы, жарық ай, дала, ауыл көрінісінің сұлулығы, акын сезімі, ақын жан-дүниесінің сұлулығымен қауыша келіп, қай оқырманын болмасын ғашық болуға, сұлу болуға әсерлендіргендей емес пе? Осы сұлулықтарға қоса оның, дөп басып беріп тұрған ақын поэтикасының сұлулығына үңіліңізші! Неткен үйлесім, гармония! Осы өлеңді таза табиғат немесе тек махаббат лирикасы деп айта аламыз ба? Абай лирикаларының өзіндік ерекшелігі, құдіреті де осында жатыр.

Абай өзінің әндеріне халық өлеңдерін негізге алған. Мысалы, «Желсіз түнде жарық ай», «Көңіл құсы құйқылжыр шар тарапқа», «Қараңғы түнде тау қалғып», «Көзімнің қарасы», «Тәңірі қосқан жар едің сен», «Өлсем орным қара жер сыз болмай ма ?» «Өзгеге қөңлім тоярсын», «Айтым сәлем, қаламқас», «Ішім өлген, сыртым сау» т.б. әндері соған дәлел.

3. Қазақ әдебиеті мен өнерінің көрнекті қайраткері Ахмет Байтұрсыновтың 1926 жылы жарық көрген "Әдебиет танытқыш" [4] атты кітабында өнер түрлерін "Көрнек өнерінің тараулары" деген атпен бөліп талдап шыққан. Әр өнерге, мысалы сәулет өнері, сөз өнері, сымбат өнері, келісім өнері, әуез өнері деп жеке-жеке тоқталып, анықтама берген. Соның ішінде әуез өнері жайлы былай делінген: "Төртінші - әуездің түрлі орайын, шырайын, сазын келтіріп, құлаққа жағып, көңілді әсерлейтін ән салу, күй тарту өнері. Бұл әуез өнері болады (Еуропаша-музыка)".

А. Байтұрсынов - талантты ақын, дарынды тілші, шебер аудармашы, халық ағарту жолындағы ұшан-теңіз еңбегімен қатар қазақ музыкасының қамқоршысы болған.

Белгілі музыка қайраткері, композитор, этнограф А.Затаевич А.Байтұрсыновтың орындауында біршама ән-күй үлгілерін жазып алған. А. Затаевич өз естеліктерінде Ахаң жөніңде былай дейді: «А.Байтұрсынов - қазіргі қазақ ақындары мен филологтарының ішіндегі ең көрнектілерінің бірі, қазақтың жаңа грамматикасын жасаған адам... Байтұрсынов өз халқының әнін біледі және оны қатты сүйеді, сонымен бірге жақсы» домбырашы, тамаша әнші, шынымды айтсам, оны отандастары да аса қадірлеп, құрметтейді. Өзім де қадірменді Байтұрсыновтың осындай білімділігі мен іскерлігін өте жоғары бағалаймын, өйткені ол менің осы еңбегіме үлкен ілтипат көрсетіп, өзі білген әндерін жүйелі түрде айтып берді. Олардың ішінде Торғай, Қостанай, Ақтөбе, Бөкей және Карқаралы өңірінің әндері мен күйлері бар. ­Өзінің беделді ақыл-кеңестерімен қазақтың тарихы, этнографиясы және тұрмысы жайында көп мағлұматтар беріп, менің жинаған мол материалдарыма, олардың бағыт-бағдарын түсінуге мүмкіндік жасады" [5]. Біз осы әңгімеден-ақ Ахаңның өз ұлтының ән-күйін бар жан-тәнімен қорғап, биікке шығаруға ұмтылғанын көреміз.

А.Байтұрсыновтың немересі Самырат Кәкішев "Ахан, туралы ақиқат" атты кітабында былай деп әңгімелейді [6]: «... Ақкөлдің бойына апарып бізді секіртіп, жуындырып, өздері де жуынып қайтатын... Келе жатып көңілі көтерілгендіктен "Қызыл бидайды" шырқаушы еді:

Қыз емес, кыздың аты-қызыл бидай,

Қыз үшін түнде жүрдім көңлім қимай.

Қалмады баста бөрік, белде белбеу,

Жеңгесін кызды ауылдың сыйлай-сыйлай.

Ахау айдай, Қызыл бидай, Болғанша жарың жаман,

О, шіркін алсын құдай!

Сонымен бірге ол халық әні "Қараторғайды" да кем айтпаушы еді:

Құс болсаң жібектен бау тағар едім,

Күмістен тұғырыңды жабар едім.

Мойныңа сары алтыннан алқа тағып,

Қолға алып сылап-сипап бағар едім.

Салайын мен әніме кара торғай, кара торғай...

Байтұрсынов Аққұмға арнап өлең шығарып, домбыраға қосып өзі айтатын және ауылдағы балаларды жинап алып, бәрімен қосылып айтқанды да жақсы көретін:

Аққұмның бір қызы бар Іңкәр атты,

Сөзі бар алуан шекер балдан тәтті.

Адамның өзі көрген абзал екен,

Айтайын өлең қылып перизатты...

Көзімнің жанарындай сәулем едің,

Көңлімнің қуанышты дәурені едің.

Ойымнан жатсам, тұрсам еш кетпейсің,

Басымды не сиқырмен әуреледің?!

Бұл ән көңілді, сезімге толы, әуелете шырқауды кажет етеді.

Аханның бұдан кейінгі сүйіп орындаған әндерінің бірі - "Қарагөз". Бұл ән де ерекше сезімге, сағынышқа толы, мұңды, сазды».

Бір таңқаларлығы, Ахмет айтқан екі әннің де әйгілі лиро-эпостық "Қыз Жібек" жырының желісінде жазылған операға да, киноға да сай келуі. Бұл жерде оның ән өнерінде талғамы өте жоғары екенін байқауға болады.

4. Қазақ халқының ұлы ақыны, ағартушы-педагог Мағжан Жұмабаев өзінің «Педагогика» атты оқу құралының «Сұлулық сезімдері» атты бөлімінде табиғат пен өнердің тәрбиелік мәнін былай суреттеген [7]: «Жаратылыстың һәм искусствоның сұлу заттары адам жанында сұлулық сезімдерін оятады. Үлбіреген гүл, күңіренген орман, сылдыраған су, былдыраған бұлақ, шексіз-шетсіз қара көк теңіз, түрлі шөптермен толқынданған дала, бұлтпен бел алысқан биік тау, күннің ойыншыл алтын сәулелері, ерке сұлу ай, жұлдызды түн, міне, осылар сықылды жаратылыстың сұлу заттары, көріністері яки искусствоның тылсымды жанды билеп алып кететін ән, күй, сиқырлы сөз, сұлу картина сықылды әсерлері адам жанында бір ләззәт, бір сұлулық толқынын оятып, туғызбай қоймайды».

Мағжан халық өнері - сұлулық сезімдерін тәрбиелеу құралы екендігі туралы: «Әр адамның сұлулық сезімдері әртүрлі нәрседен оянымпаз болады. Біреудің музыкадан, біреудің сұлу суреттен, біреудің поэзиядан» дей келіп, баланы табиғаттағы сұлулықпен тәрбиелеу үшін: «Балаға жаратылыс сұлулығынан ләззат алғызу. Жаратылыста сұлулықтың неше түрінің бәрі бар. Бала бұлақтың былдырын, судың сылдырын, жапырақтың сыбдырын, орманның күңіренгенін, теңіздің күрілдегенін естісін; жымыңдаған жұлдыздар себілген көк шатыр көркі, түрлі түсті кемпірқосағын, буыны жоқ бұраңдаған қайыңды көрсін. Жаратылыс сұлу. Бала сол сұлу жаратылыстың құшағында болсын, балада сұлулық сезімдері еріксіз оянады. Тәрбиеші жаратылыстағы түрлі сұлулықтарға баланың абайын аудара білу керек» деген. Сондай-ақ Мағжан балаға музыка және музыка құралдары арқылы тәрбие беру үшін: «Баланы сұлу искусствомен терең таныстыру керек. Бала неше түрлі сұлу үндерді естісін, неше түрлі сұлу түрлерді, түстерді көрсін, сұлу сөздер, сұлу өлеңдер жаттасын. Түрлі музыка құралдарының үндерін тыңдасын, сурет салып үйренсін. Ән салып, музыка құралдарында ойнап үйренсін. Міне осыларды істесе, баланың сұлулық сезімдері өркендейді» деп қорытындылайды.

5. Қазақ халқының ағартушы-педагогы, жазушы Жүсіпбек Аймауытовтың баласы Жанақ әкесінің музыкалық аспаптарды жасап, оларда өзі еркін ойнағаны туралы былай деген: «Әкем жазушылығынан бөлек өте қарапайым, әрі сан салалы өнер иесі еді. Ғажап етікшілігінің үстіне, темірден түйін түйетін, ұста, музыкалық аспаптарда (домбыра, скрипка, рояльда) еркін ойнайтын еді» [8].

Жүсіпбек өзінің «Қартқожа» атты романында болған оқиғаны әдемі, көз алдына елестете әңгімелеп беруінде ғана емес, ол негізгі кейіпкер басынан кешкен қиындыққа оның ортасын, табиғат құбылыстарын да ортақ етіп суреттей білуінде. Ол табиғатты да, оның сырын да жақсы біледі. Оны әркашан адам сезімімен, әрекетімен байланыста көрсетеді. Мысалы, Қартқожаның Уфадан келе жатқан шәкіртті уәделі жеріне жеткізіп салып, одан алған кітапты далада жатып оқыған кезін суреттеген роман беттерін еске түсіріп көрейікші. Қазақтың жазық, мидай, тыныштық басқан даласы. Күн шуақ. Аспанда ақ сабынның көбігіндей ақша бұлттар. Тек дала тыныштығын бұзатын қалың шөптің арасынан ұшып, қанаттары дырылдап, ызылдаған инелік, маса, шегіртке. Анда-санда пысқырып қоятын екі ат. Сондай тыныштықта, көк шөпке бауырын төсеп, қошқыл маңдайынан шып-шып тері шығып, анда-санда мұрнын тартып қойып Қартқожа шәкірттен алған кітабын оқып жатыр. Кітапқа құмартқаны сон­дай, аулына қайту керектігін де, аттарын да, тіпті басқа дүниенің барлығын да ұмытып кеткен. Оқыған сайын өңі кіріп, бет-аузы балбырап қызығады, құмартады. Бұл арқылы жазушы жас баланың оқуға құмарлығын ашуды мақсат тұтады. Оның бойындағы құмарлық сезімін табиғат аясында ашады.

Енді бірде табиғат суретін малды ауылдың тіршілік тынысымен байланыста көреміз: «Шілде. Шағала көлдің басы иін тірескен ауыл, бықырлаған мал. Жердің жүзін, көктің түрін сары қызыл алтынға бояп, жаздың нұрлы қызыл күні белеңнен асып, шеті қылтиып барады. Шаңдатып, қарауытып, топырлатып жылқы шауып суға түсті. Жамыраған қой, азынаған сиыр, өкірген бұқа, айғайлаған бала, ауқаулаған қатындардың даусы қосылып көлдің басы ың-жың, у-шу. Ауыл-ауылдың түтіні ұрандасып, ұласып, көл арнасын көк тұман басып тұр» [8].

Табиғат аясындағы малды қазақ аулының кешкі суреті. Бәрі де қазақша. Тіпті ауыл ауылдың қосылып жалғасқан түтіндері де ұлттық дәстүрді танытады.

Табиғатты Жүсіпбек жалпы ұғымда емес, адамның туған жері, өскен ортасы мағынасында түсінеді. Оның адам жанына жақындығы, онымен үндестік сыры да осында. Мұны солдаттан қайтқан Қартқожаның Баянға келердегі сағыныш сезімінен айқын көреміз. Кейіпкер сезімін суреттей отырып, жазушы туған жер туралы үлкен ұлтжандылықпен төмендегідей толғаныс жасайды:

«Туған жердің қадірін туғалы түзге шықпаған елдегі адам қайдан білсін?!

Туған жердің қадірін алыс жерге ұзатқан, ұзатқанына әлде талай жыл өткен қыз білмесе, кім білсін?!

Туған жердің қымбатын ғылым іздеп шет жайлап, кітап қарап сарылып, көзінің майын тауысқан, көшенің шаңын көп жұтқан шәкірт білмесе, кім білсін?! Туған жердің артығын жазатайым іс етіп, күштілерге күш етіп, еріксіз елден айрылған, шеттен дәмі бұйырған, жаттан сыйлау көрмеген ер білмесе, кім білсін?!

Туған жердің қадірін әлеуметтік ісіне басын байлап жегілген, қағаз кемірген, күйіп-пісіп, көбелек боп еңбегінің жемісін көрсем-ау деп телмірген, тар көше мен тар үйде бойы бір сергіп көрмеген азамат білмей, кім біл­сін?! [8]

Сонымен, қазақ ағартушылары өздерінің шығармаларында халықтық музыкалық құралдар арқылы табиғатты қорғау қажеттігіне айрықша назар аударған екен.


Пайдаланылған әдебиеттер:

1. Аравин П. Степные созвездия. – Алматы: Жазушы, 1975.

2. Уәлиханов Ш. Шығармалары. – Алматы: Жазушы, 1975.

3. Құнанбаев А. Шығармалары. – Алматы: Жазушы, 1977.

4. Байтұрсынов А. Әдебиет танытқыш. – Алматы: Ана тілі, 1992.

5. Затаевич А. 1000 песен казахского народа. – М., 1963

6. Кәкішев С. Ахаң туралы ақиқат. – Алматы: Қазақстан, 1992.

7. Жұмабаев М. Педагогика. - Алматы: Ана тілі, 1992.

8. Аймауытов Ж. Шығармалары. – Алматы: Жазушы, 1989.

1   ...   19   20   21   22   23   24   25   26   ...   54

Похожие:

Ғылыми-практикалық конференциясының материалдары iconКазахстан Академия «Көкше»
Халықаралық «Сейтен тағылымдары» ғылыми-практикалық конференциясының материалдары бойынша ғылыми мақалалар жинағы. Қазақстан, Ақмола...

Ғылыми-практикалық конференциясының материалдары iconХалықаралық ғылыми-практикалық конференция  материалдары 
Бұл  басылымға  2012  жылдың  27-29  сәуір  аралығында  ӛткен  Ш. Уәлиханов  атындағы 

Ғылыми-практикалық конференциясының материалдары iconМҰнайгаз форумы  Ғылыми-тəжірибелік конференциясының   ЕҢбектері 

Ғылыми-практикалық конференциясының материалдары iconҒылыми журнал отечественная

Ғылыми-практикалық конференциясының материалдары iconҒылыми êIÒÀÏÕÀÍÀ
Библиотека Конгресса открывает свободный онлайн-доступ к тысячам исторических книг

Ғылыми-практикалық конференциясының материалдары iconҒылыми êIÒÀÏÕÀÍÀ
В декабре 2009 году на базе Ассоциации Вузов рк открылась «Республиканская межвузовская электронная библиотека»

Ғылыми-практикалық конференциясының материалдары iconI-ші халықаралық ғылыми-тəжірибелік конференцияның  ЕҢбектері  
Амиргалиев Е. Н., д т н., проф. (ответ. редактор); Ускенбаева Р. К., д т н., проф.; 

Ғылыми-практикалық конференциясының материалдары iconСписок книг, поступивших в библиотеку Казну им аль-Фараби
Бақтыбаев, Қ. Статистикалық физика, термодинамика: оқу құралы: [баспаға әл-Фараби атын. ҚазҰУ физика фак. Ғылыми кеңесі ұсынған]...

Разместите кнопку на своём сайте:
TopReferat


База данных защищена авторским правом ©topreferat.znate.ru 2012
обратиться к администрации
ТопРеферат
Главная страница